Искакова Айгүл Мәулеханқызы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын 2000 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылдан 2007 жылға дейін "Здоровье" ОДА КМҚК акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеді. 2007 жылы "Қалалық бірінші медициналық-санитарлық көмек орталығы" ЖШС-не учаскелік дәрігер акушер-гинеколог болып қабылданды. 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қалалық бірінші медициналық-санитарлық көмек орталығы " ЖШС-де акушерия және гинекология бойынша бас маман ретінде жұмыс істейді. Ысқақова А.М. "Акушерлік және гинекология" мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие.
2015 жылы - Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2018 жылы - Қарағанды қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.