Кузичева Влада Витальевна 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылдан 1996 жылға дейін Қарағанды қ. №3 қалалық емханасында учаскелік терапевт-дәрігер болып жұмыс істеген. 1996 жылдан 1998 жылға дейін Қарағанды қ. №2 Аймақтық медициналық бірлестікте учаскелік терапевт-дәрігер болып жұмыс істеген. 1998 ж. - Қарағанды облыстық ауруханасының учаскелік терапевт дәрігері. 1998 жылы №2 қалалық емханаға терапевт-дәрігер болып қабылданып, 1999 жылы жалпы тәжірибелік дәрігер болып ауыстырылды. 2002 жылдан бастап №3 жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қалалық бірінші медициналық-санитарлық көмек орталығы" ЖШС-де директордың АМӘК жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс істейді. Кузичева В.В. "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты және "Терапия" мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
2014 жылы - Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2018 жылы - "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
2020 жылы - Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
2022 жылы - "PRIMARY HEALTH CARE" Ұлттық Қауымдастығының "Ардақ" орденімен марапатталған: