Витт С.В. 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының (ҚММИ) емдеу факультетін үздік бітірген. "Ішкі аурулар" бойынша клиникалық ординатураны аяқтағаннан кейін 1998 жылы ҚММА госпитальдық терапия кафедрасының ассистенті ретінде еңбек жолын бастаған.
1999 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2000 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қалалық бірінші медициналық - санитарлық көмек орталығы" ЖШС директордың терапия жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істейді. Витт С.В. "Терапия (жасөспірімдер, диетология)" мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына, "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие. 2008 жылдан бастап ҚР денсаулық сақтау саласындағы аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы, ҚР СТ ISO 9001-2016 "Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар", ҚР СТ ISO 15189-2015 "Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар" стандарттары бойынша сапа менеджменті жүйелерінің ішкі аудиторы болып табылады.
2004 жылы белсенді қоғамдық қызметі, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі үшін Қарағанды қаласының 70 жылдық мерейтойына орай Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2010 жылы "Медицина қызметкерлері күніне орай, азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор жеке үлесі үшін" Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2011 жылы - ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің "ҚР Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жүйесін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін" Алғыс хаты.
2016 жылы - денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Медицина қызметкері күніне арналған грамотасымен марапатталды.
2019 жылы - Қазақстан медицинасына деген жанқиярлық және игілікті еңбегі, адалдығы мен сүйіспеншілігі үшін "Кәсіби еңбегі үшін" медалімен марапатталды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Палатасы
2020 ж. - "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталған, 2020 жылғы 8 маусым