Құрметті пациенттер!
«Алдын ала медициналық қарап-тексеруден өткені туралы анықтама беру» (075/у нысаны)/ «Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру» (073/у нысаны) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу медициналық қарап-тексеруден өту жолымен медициналық ұйымда жүзеге асырылады. Медициналық тексеруден өту нәтижелері бойынша анықтамаларды беру 123 кабинетте немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Медициналық тексеруден өткен қорытындыны алу үшін egov.kz. порталында авторизациялану қажет. Басты бетте «Азаматтарға» - «Денсаулық сақтау» - «Медициналық көмек» бөлімін таңдаңыз. «№075/у нысаны бойынша медициналық анықтама беру»/ «073/у медициналық анықтама беру (жүргізуші куәлігі үшін)» қызметін таңдап, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз. Өтінімде өз деректеріңізді растаңыз және қызметке қол қойыңыз. Қызмет нәтижесі 30 минут ішінде шығады.