Қызылша әлем бойынша қайта күшейіп, көптеген елдерді алаңдатып отыр. Қазақстанда өткен аптада 103 жаңа жағдай тіркелді, ал жыл басынан бері бұл көрсеткіш 3 мыңнан асты. Бұл - вакцинация деңгейінің төмендеуімен тікелей байланысты қауіпті жағдай.
Ұлттық вакцинация күнтізбесінде қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцина бар. Қазақстанда оны әдетте балаға 1 жасында, кейін 6 жасында салады. Қызылшаның өршуіне байланысты нәрестелерді қорғау үшін алғашқы дозаны 9 айында салдыруға болады.
Қызылша несімен қауіпті?
Толық ақпаратты суреттерді жылжытып оқи аласыз>>>
Фотогалерея
1/6
—