Патронаж - медицина қызметкерлерінің үйде профилактикалық және ақпараттық іс-шаралар жүргізуі (жаңа туған нәрестенің патронажы, жүкті әйелдің, босанған әйелдің, диспансерлік науқастың патронажы).
Патронаж жүргізіледі:
1) 5 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде жаңа туған нәрестелерге (9 рет бару);
2) жүкті әйелдерге (жүктіліктің 12 аптасына және 32 аптасына дейінгі мерзімде) және босанған әйелдерге (асқынбаған босанудан кейін оны босандыру ұйымынан шығарғаннан кейінгі алғашқы үш тәулікте акушер немесе мейірбике жүргізеді. Босанғаннан кейінгі кезеңнің асқынған ағымы кезінде патронажды акушер-гинеколог дәрігер немесе ЖПД жүргізеді.);
3) 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, жүкті әйелдерге немесе босанған әйелдерге олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қатер төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жерлерде;
4) жүріп-тұруы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар емделушілерге;
5) паллиативтік көмекке мұқтаж емделушілерге.