Емделушілерге қолдау көрсету қызметі (ЕҚКҚ)
Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 35-бабына сәйкес (03.05.2022 ж.жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен), «Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ЖШС-де емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ЕДҚБҚ) жұмыс істейді.
Емделушілерге қолдау көрсету қызметінің мақсаты - проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсарту. Емделушілерді қолдау және ішкі сараптама қызметі медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруына, клиникалық қызметіне ағымдағы талдауды, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарды бұзу фактілерін анықтауды, медициналық инциденттерді талдауды, сондай-ақ емделушілердің өтініштерін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қарауды жүргізеді.
Сараптама нәтижелері бойынша медициналық ұйымның басшысына көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
Егер Сіз:
* медициналық көмек көрсету сапасы мен ұйымдастырылуы көңіліңізден шықпаса
* медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз
* сондай-ақ, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне хабарласыңыз
Емханадағы медициналық көрсетілген көмектің сапасына байланысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша
директордың орынбасары Прасолова Валентина Геннадьевнаға жүгініңіздер, 420 кабинете отырады (дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін) хабарласуға болады. немесе аты-жөніңізді, байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтінішті кассаның жанында сол жақта орналасқан «өтініштер жәшігінде», кассадағы «шағымдар мен ұсыныстар» кітабында қалдыруға. Сонымен қатар Сіз біздің gcpmsp.kz сайтымызға «Директор блогына» хабарласа аласыз.
Байланыс телефондары: 8 (7212) 56-40-05; 8 700 766 10 87