Кабинет платных медицинских осмотров
Алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық тексеріп - қарауларды жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 673 қаулысы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379
"Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарында еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 853
"Адамдарға көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 188
"Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін,
сондай-ақ жоғары қауіптілік көзіне байланысты жұмыстарды жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020
Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-206/2020
"Азаматтық және қызметтік қару, азаматтық пиротехникалық заттар айналымы салаларындағы рұқсаттарды алуға арналған медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020
"Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 "Көлік құралдарын
басқару құқығын алуға үміткер адамдарды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020
"АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020
"Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек)ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020
"Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 "Вирустық гепатиттер және АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 "Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 "Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы (28.03.2022 ж. жағдай бойынша өзгерістермен)
"ҚБМСКО" ЖШС ақылы медициналық тексерулердің келесі түрлерін жүргізеді:
1. Қару алып жүруге рұқсат алу үшін медициналық тексеру (076/у нысаны):
· Флюорография
· Нарколог-дәрігердің қорытындысы
· Психобелсенді заттардың болуына сұйық биологиялық ортаны зерттеу
· Психиатр-дәрігердің қорытындысы
· Офтальмолог-дәрігердің қорытындысы
· Невропатолог-дәрігердің қорытындысы
· Терапевт-дәрігердің қорытындысы (рұқсат)
2. Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының денсаулық жағдайы туралы қорытынды (028/у нысаны)
· Флюорография
· Нарколог-дәрігердің қорытындысы
· Психобелсенді заттардың болуына сұйық биологиялық ортаны зерттеу
· Психиатр-дәрігердің қорытындысы
· Инфекционист-дәрігердің қорытындысы
· Терапевт-дәрігердің қорытындысы (рұқсат)
3. Тексерудің, емдеудің, санаторий-курорттық емдеудің қандай да бір әдістерін жүргізу, спортпен шұғылдану, бассейнге бару үшін көрсетілімдердің болуы туралы анықтама (027/у нысаны)
· Қанның микрореакциясы
· Флюорография
· Дерматовенеролог-дәрігердің қорытындысы
· Гинеколог-дәрігердің қорытындысы
· Терапевт-дәрігердің қорытындысы (рұқсат)
4. Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (075/у нысаны)
· Флюорография
· Психиатр-дәрігердің қорытындысы
· Нарколог-дәрігердің қорытындысы
· Психобелсенді заттардың болуына сұйық биологиялық ортаны зерттеу
· Қанның микрореакциясы
· Хирург дәрігердің қорытындысы
· Оториноларинголог-дәрігердің қорытындысы
· Офтальмолог-дәрігердің қорытындысы
· Невропатолог-дәрігердің қорытындысы
· Дерматовенеролог-дәрігердің қорытындысы
· Гинеколог-дәрігердің қорытындысы
· Терапевт-дәрігердің қорытындысы (рұқсат)
5. Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама (073/у)
· Флюорография
· Психиатр-дәрігердің қорытындысы
· Нарколог-дәрігердің қорытындысы
· Психобелсенді заттардың болуына сұйық биологиялық ортаны зерттеу
· Оториноларинголог-дәрігердің қорытындысы
· Офтальмолог-дәрігердің қорытындысы
· Терапевт-дәрігердің қорытындысы (рұқсат)
6. Санитарлық кітапшалар
Халықтың декреттелген контингенті нәтижелерді санитарлық кітапшаларға тіркей отырып, медициналық тексеруден өтеді. Нсаналы топтар, медициналық тексерулердің көлемі мен жиілігі кестеде көрсетілген.
Ақылы медициналық тексеріп-қарауды жүргізу регламенті:
Емхананың орталық корпусы, Назарбаев 28
Дүйсенбі-жұма 10:00-12:00
Медициналық тексерулерге ақы төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы кассада жүзеге асырылады. Баға прейскурантымен сіз емхананың сайтында, кассада және тіркеу орнында таныса аласыз.
Құжаттарды алғашқы ресімдеу және медициналық тексерудің бағыт парағын беру, терапевтің қорытындысы және оқуға/жұмысқа рұқсат беру №123 кабинетте жүзеге асырылады.
Медициналық тексеруден өту кезінде сізде болуы керек:
· жеке куәлік
· флюорография нәтижесі (ескіру мерзімі - 1 жыл)
· психиатрдың қорытындысы (медициналық тексеру түріне байланысты)
· наркологтың қорытындысы (медициналық тексеру түріне байланысты)
· психобелсенді заттарға биологиялық ортаны зерттеу (медициналық тексеру түріне байланысты)
· 3*4 см фотосурет (075/у нысанын, 073/у нысанын, санитарлық кітапшаны ресімдеуге)