Баширова Татьяна Павловна 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша үздік бітірген.
1986 жылдан 1988 жылға дейін ҚММИ №2 ішкі аурулар кафедрасында клиникалық ординатурада оқыған. 1988 жылдан 1995 жылға дейін "Құрылысшылардың медициналық-санитарлық бөлімі" стационарының терапевтік бөлімінде дәрігер-ординатор болып жұмыс істеген. 1995 жылы №2 қалалық емханаға бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып қабылданды. 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қалалық бірінші медициналық-санитарлық көмек орталығы" ЖШС директор лауазымында жұмыс істейді. "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
2007 жылдан 2017 жылға дейін Қарағанды қалалық мәслихатының IV және V шақырылымының депутаты болды.
2017 жылдан бастап Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі болып табылады.
2009 жылы - денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2011 жылы - "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.
2012 жылы - Қарағанды қалалық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
2013 жылы - "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталған.
2014 жылы - Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2015 жылы - Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2016 жылы - "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
2017 жылы - ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2020 жылы - "Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған.
2020 жылы - "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медаліен марапатталған.
2020 жылы - Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы - "Primary Health Care" ұлттық қоғамдастығының "Абзал Жан" орденімен марапатталды.